САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Электр энергетика саласындағы жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша отандық және шетелдік ұйымдар нарығында қатаң бәсекелі күресу жағдайларында негізгі бәсекелі артықшылық – менеджменттің жоғары сапасына ие компаниялар ғана әрекет ете алады. Әлемдік тәжірибе, ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттар қағидасын пайдалану, бүгінгі күні, тиімді басқару жүйесін құру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен инвестициялардың өсуіне қолайлы жағдайлар жасаудың сенімді құралы екендігін көрсетті.

Қазіргі уақытта біздің компания стандарттарға сәйкес болу сертификаттарына ие:

  • ИСО 9001-2009 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар» ҚР СТ,
  • ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйесі. Талаптар» ҚР СТ,
  • OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық жүйелері. Талаптар» ҚР СТ.

Сапа менеджмент жүйесіне «ТПЭП» ЖШС компаниясымен Бас директордың бастамасы бойынша 2009 жылы назар аударылды. Дайындық кезеңінде қызметкерлерге жүйені ендірудің негізгі мақсаттары және бағыттары түсіндірілді, СМЖ құндылықтары негізделді. Бастапқы кезеңде кәсіпорында орындалған процестер сипатталды. Одан әрі, сол уақытта болмаған, бірақ ISO 9001 стандарты талап ететін жұмысты жетілдіруге қажетті шараларды әзірлеу мәселесі шешілді. Кәсіпорында қандай бизнес-процестерді ауыстыру, ұйымдастыру қажет екендігі анықталды. Осы жұмыс қазіргі уақытта тұрақты жүргізіледі және СМЖ тұрақты оңтайландырылады. Қызметкерлер «СМЖ ендіру және дамыту», «Кәсіпорынды басқарудың процестік модулі» сияқты курстар бойынша оқытылды. Қазіргі уақытта, кешенді әдістемені қолданумен заманауи басқару шешімдерінің амалдарын біріктіретін «ТПЭП» ЖШС қызметін диагностикалау жүзеге асырылып жатыр. Қазір халықаралық үлгідегі Сәйкесімділік сертификатын алуға дайындық кезеңдерін жүзеге асырудың желілік кестесі орындалып жатыр. 2011 жылы қолданыстағы басқару жүйесі бағаланды.

borisov bureau